Атыраулық мас әйел 50 шыны сыра үшін Жайық өзенін жүзіп өткен

Атырау қаласының мас тұрғыны Батыс Қазақсандағы Жайық өзенін малтап өткен. Оған 50 шыны сыра себеп болған.

1461753721_ural

Құтқарушыладың айтуынша, өзенде малтап бара жатқан әйелді көрген куәгерлер кезекші қызметке хабарлаған. Құтқарушылар айтылған орынға жедел жеткенде әйел өзен жағасында отырған. Олар бар даусымен айқайлаған әйелдің мас екенін аңғарған. Қазір әйел полицейлердің қарамағында.

«Ол өзінің аты-жөнін айтты. 1983 жылы дүниеге келген екен. Қызметкерлер оның неліктен мұндай қадамға барғанын сұрағанда, ол біреумен 50 шыны сыраға бәстесіп, өзеннен жүзіп өтпек болғанын айтты. Мұның рас-өтірігі әлі белгісіз», – дейді облыстық ТЖД су-құтқарушылар қызметінің жетекшісі Самат Қумашев.

Оның айтуынша, ол әйел өзеннің ағысы қатты әрі су деңгейінің жоғары кезінде жүзген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар