Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраулық фермерлер ешкі сүтінен сарымай ала бастады

Атырау облысында еліміз бойынша тұңғыш ашылған асылтұқымды ешкі фермасы облыстың емес, өзге өңірлердің де сапалы өнімге деген қажетін өтей бастады.

bf35c11f10acf16a22fcd8392422d17c_L

Бұл туралы “Хабар” арнасы хабарлайды.

Бір кезде 1 000 бас асылтұқымды ешкі өсіруден басталған шаруашылық келешекте мал басын 2 мыңға жеткізбекші. Фермада ешкі сүтінен 15 түрлі өнім өндіріледі. Қазірдің өзінде диеталық айран түрлері, сарысу, қаймақ пен ірімшікке жергілікті нарықта сұраныс жоғары.

Осы заманғы озық технологияға негізделген шаруашылық енді тұтынушыға жаңа өнімдер ұсына бастады.

“Ешкі сүтінен алынатын бұл сарымайға араның балын қосамыз. Оның ағзаға пайдасы зор. Әсіресе бауырды тазалауға, асқазандағы жараға және мидың жұмыс жасауын жақсартатыны ғылыми дәлелденген. Біздің тауарлардың барлығы халықаралық сертификатқа негізделген”, – дейді шаруашылық жетекшісі Тамила Розметова.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау