Атыраудағы қалыңдық өлімі: Оқиғаның қалай болғаны туралы күйежігіттің нұсқасы

Сәрсенбі, 22 Қараша , 2017 17:51

Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов шулы оқиғаның қалай болғанын айтты. Бұған дейін ұрланған қыздың түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Қалыңдықты 4 ай бұрын Атырау тұрғыны алып қашып кеткен.

Прокурор қайғылы оқиғаның 6 қараша күні болғанын айтты. Полицияға ер адам хабарласып, сарайда келінінің асылып қалғанын айтқан. Өзіне қол салу ісі бойынша тергеу жүреді.

«Тексеру нәтижесінде қыздың мойнында тітіркену іздері болғаны анықталды. Өзге ақпарат жоқ», – деп жазды Сыбанқұлов парақшасында.

Өзге болжамдарға сәйкес, бойжеткен былтыр күзде ғаламторда Атырау тұрғынымен танысады. Екеуі Ақтөбеде кездесіп, үйленетін болып шешеді.

Жігіттің айтуныша, қыз келісімін берген. Атырауға келген соң ұлдың ата-анасы сол үйде бірге тұруына рұқсат береді. Олар оқиға болғанға дейін азаматтық некеде тұрып келген.

Қайғылы оқиға болған күні ата-анасы да, жігіттің өзі де үйде болмаған.

Жігіттің айтуынша, оның телефонынан қыз “Жаным, кешір мені” деп хат жазады. “Неге?” деп сұрағанда “Жай” деп жауап берген. Сәлден соң әкесі хабарласып, қыздың көз жұмғанын айтқан.

Осы уақыт аралығында жігіттің өзге қызбен некеде екені белгілі болды.

«2014 жылы өзге қыздың жүкті екенін білген соң екеуі ресми түрде некеге отырған. Алайда бірге тұрмаған. Олардың бір қызы бар», – дейді прокурор.

Күйеужігіттің айтуынша, марқұм қыз оның бұл жайынан хабардар болған. Алайда ол туралы арада ұрыс болмапты.

Қазіргі уақытта іс прокуратура бақылауында.

Тағы да оқыңыз:

700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ

Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды

Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар