Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Атырауда жаңадан сатып алынды деген автобустар тұрғындардың ашуын туғызып отыр. Өйткені жақында ғана қалаға әкелініп, іле-шала пайдалануға берілген олардың шын мәнісінде әбден жеткен болып шықты. Тіпті кейбірі келмей жатып, жөндеуге жіберілген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырауда жолаушылар тасымалы үшін ескі көліктер сатып алған компания үлкен дауға қалды

Ал автобус паркін иеленіп отырған компания басшылығының жауабы бұл жаман да болса, жаяу жүргеннен әлдеқайда жақсы дегенге саяды. Яғни олар қаладағы қоғамдық көлік жетіспеушілігін осылайша шешпек болыпты.

Қоғамдық көліктерді аялдамада сағаттап күтетін атыраулықтар Наурыз мерекесі қарсаңында қалаға жаңа автобустар келгенде кәдімгідей қуанған. Бірақ жаңа делінген көліктерді көрген тұрғындардың көзі шарасынан шығып кете жаздады.

«Ішінде иіс шығады.  Жағдайы нашар, халық тасуға болмайды. Ішінде газ, движоктары отырған май жіберіп тұр»,- дейді Атырау қаласының тұрғыны Тұрсынғали Тыныштықов.

«Айдалған автобустарды біздің қалаға жіберген. Лас әрі таттанып кеткен. Мұнайлы астана дейміз, ал автобустары алқам-салқам», – дейді Атырау қаласының тұрғыны Аян Амантурлин.

Атырауға әкелінген ескі де жаңа автобустардың жалпы саны – жиырма. Олардың кейбірі түр-түсі кетіп қалса да, қазір түрлі бағыт бойынша тұрғындарды тасымалдап жүр. Ал өкпесі әбден өшкен өзгелері жөндеуде тұр.

Алматылықтарды тасымалдап әбден шаршаса да, енді атыраулықтардың аяқ артарына айналған автобустардың бірінің салоны әбден ескірген, төбелерін тот басып, орындықтар да жыртылған. Ал жергілікті тасымалдау компаниясының басшылары мұны өзгенің қаңсығын таңсық көргеннен емес, амалдың жоқтығынан алдық деп түсіндіріп отыр.

Яғни,  қаладағы небары 42 автокөлік атыраулықтарды тасымалдап үлгере алмайтын болғандықтан, «АйсТрансХолдинг» басшылығы осындай қадамға барған. Яғни қазір әкімдіктіне субсидия берілмейтіндіктен, жаңаны алуға қаражат жетпей, аз-мұз ақшаға келетін ескі-құсқыны қанағат етуге тура келіпті. Есесіне, атыраулықтар автобус күтіп, алаңдамайды.

«Осы автобустарды алғаннан кейін біз күніне бағыттарға 50-60 көлік шығаратын болдық. Мойындаймыз, жағдайлары нашар, бірақ бізді бұған жоқтық мәжбүр етті. Жалақы бере алмадық, салық та төленбеді. Көлік саны көбейген соң мұның бәрінен құтылып жатырмыз. Автобустардың барлығын жақында жөндеуден өткіземіз», – дейді «АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Берік Жетпісбаев.

Дегенмен, бұл автобустар көпшілікке көп уақыт қызмет етпейтін секілді. Өйткені, басшылық бұларды тек осы жылдың аяғына дейін пайдаланбақ. Ал әзірге су жаңа автобустарды сатып алуға байланысты семейліктермен келіссөз жүргізіп жатқан көрінеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды

Қостанай облысында құдықтан табылған сәбиді өз анасы өлтірген болуы мүмкін

Ақмола облысында танымал қазақ жазушысының үйі маскүнемдердің тұрағына айналған

Талқылау