Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында құдықтан табылған сәбиді өз анасы өлтірген болуы мүмкін

Қостанай облысы Федоровск ауданының АІІБ полициясы өзінің жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

2 сәуірде Федоровск ауданының Кеңарла ауылының тұрғыны құдықтан жаңа туған сәбидің денесін тауып алған еді.

Полицейлер күдіктінің іздестіру бойынша көп жұмыс атқарған. Аталған қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу шараларының кешені жүргізілді. Полиция өңірдегі барлық әйел адамды тексеріп, тұрғындардың үйін аралап, куәгерлерді анықтады.

«Жедел-тергеу шараларының барысында сәбиін босанып, құдыққа лақтырып тастаған 38 жастағы күдіктінің тұлғасы анықталып, ұсталды», – деп мәлімденеді хабарламада.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 100-бабы (Анасының жаңа туған сәбин өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастырып жатыр. Сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында танымал қазақ жазушысының үйі маскүнемдердің тұрағына айналған

3 жасар қыздың денесін тістеп тастап, мұрнын жұлып алған өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты

Елімізде «Тұлпар-Тальгоның» бірқатар пойызының билеті екі есе арзандайды

Дәрігерлер қайран қалды: Алматы облысында ер адамның бүкіл ішкі ағзасының орны ауысып кеткен

Талқылау