Атырауда орамалын шешуден бас тартқан 40 оқушы сабаққа бармай жүр
Оқушыардың ата-анасы мектеп басшылығының талабымен келіспей, қыздарының орамалын шешуден бас тартқан, деп хабарлайды Мой город.

Атырауда ата-анасы түрлі діни сенімдегі 307 оқушы тіркеуде тұр. Олардың 156-сы орамал тағады.
«Білім беру саласы бақылау департаментінің ескертуінен кейін оқушылар сабаққа орамалсыз барып жүр. Ал 39 оқушының ата-анасы орамалды шешуден бас тартты, сондықтан қыздары сабаққа келмей жүр», – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Аманшиева.
Мектеп талабы ұстанбаған оқушылар әкімшілік жауапқа тартылады.
Ерлан Омаров
Тағы да оқыңыз:
Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты
Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды
Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"