Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда медбикенің ақылға сыйымсыз әзілі тұрғындардың наразылығын тудырды

Жылыой аудандық ауруханасы алдынан сәби табылғаны туралы ақпарат әп-сәтте әлеуметтік желіні шарлап кетті.

picsart_09-18-01.00.32

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Фотода сәбиді жымиған медбике көтеріп тұр. Сурет астында баланың аудандық аурухана алдынан табылғаны, өзімен бірге бір қорап сүті бар екені жазылыпты.

“Сағат 10:00-ге дейін баланы ешкім алып кетпеді. Бұл баланы кім таниды?”, – деп жазады жазба авторы.

Осыдан кейін желі қолданушылары өз парақшаларында бөлісіп, баланың ата-анасы тезірек табылуы үшін ақпаратты жылдам таратуға тырысады. Алайда кейінірек баланың тіпті де тастанды сәби емес екені анықталған. Медбике ұжым ішінде әзілдеспекші болып, әріптестерінің бірінің немересін көтеріп алып суретке түсіпті. Шын мәнінде әжесі немересін танысының қарауына уақытша тастап кеткен екен.

picsart_09-18-01.01.22

Бұдан соң жергілікті тұрғындар медбикенің әрекетін қатаң сынға алған. Кей желі қолданушылары ақпаратты таратпас бұрын, интернетке кіріп тексеріп алу керек екендігін де ескерткен. Ақпарат қоғамдық талқылауға ұласып кеткен соң әжесі немересімен суретке түсіп, баланың жағдайы дұрыс екенін жеткізген.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

Павлодарда трамвай таптап кеткен қыз ауруханадан шығарылды

Тері арқылы көрініс табатын 8 ауру

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Талқылау