Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қылмыскерге “көке” болып келген прокурор сотталды

Атырауда қылмыскерге “көке” болып келген азаматтың, нақтырақ айтқанда прокурордың  өзі сотталды.

124802_1473250910

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Ол Фирма қызметкерінің жазасын жеңілдету үшін алдымен 2, артынша 2,5 миллион теңге бопсалаған. Сол үшін енді  төрт жарым жылын түрмеде өткізеді. Сондай-ақ, дүние-мүлкі де тәркіленеді.

34 жастағы экс-прокурор Азамат Қоқаманов істі болған Қайрат Меңдіғалиевке шартты түрде жаза тағайындалғанын біле бола тұра, көмектесетінін айтып, алдымен 2 миллион теңге сұрайды. Артынша тағы екі жарым миллион талап етеді. Қомақты қаржыдан күдіктенген азамат ұлттық бюро қызметкерлеріне шағымды өзі түсірген.

Айта кетейік, қалада асфальт төсеумен айналысатын компания қызметкерін жүк көлігі қағып, бір адам қайтыс болады. Осы оқиғаға байланысты компанияның аға механигі Қайрат Меңдіғалиевтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, іс сотта қаралады.  Сотталып кетуден  қорыққан механик таныстары арқылы прокурормен танысып, жазасын жеңілдетіп беруін өтінеді.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде ет-сүт өнімдерімен бірге көкөніс бағасы да қымбаттап кетті

Атышулы Үсенов демалыстан елге оралған бойда әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстанға Ресейден жаңа атмосфералық ауа ағыны келе жатыр

Талқылау