Атышулы Үсенов демалыстан елге оралған бойда жауапқа тартылуы мүмкін

Дүйсенбі, 5 Маусым , 2017 21:27

Үсенов енді ұшақта шатақ шығарды. Жол апатына себепкер болса да, жазадан сытылған атышулы бай баласы Алматыдан Бангкокқа қарай бет алған стюардессаларға қырғидай тиісіп, экипаждың әбден мазасын қашырған Үсенов елге оралған бойда әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК.

7b5fb3a1a519fc7901fb7469fe20d3f8

Ұшақтағылардың әбден мазасын алған Үсеновты Таиланд полициясы жазаға тартпағанымен, елде жауапқа тартуы мүмкін. Өйткені, онымен бірге 6 жарым сағат ұшқан жолаушы Павел Коктышев прокуратураға шағым жазғалы отыр. Яғни, басқалардың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзып, бортта боқтап, білгенін істеген тентекті келесіде халықаралық тұрмақ, Қазақстан ішінде ұшуына тыйым салуды сұрамақшы.

«Эйр Астана»-дағылар бұған кірісіп те кеткен екен. Экипажға қоқан-лоқы көрсеткен Үсеновтың мәселесін қазір әуе компаниясының басшылығы қарап жатыр.

“Бортта темекі шеккені үшін жолаушыларға 400 мың теңге айыппұл немесе 15 тәулікке қамау жазасы қарастырылған. Қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін де жаза бар. Ол жолаушы «сүр тізімге» енгізілуі мүмкін. Оны алда компания президенті жиналыста шешетін болады”, – дейді «Эйр Астана»АҚ менеджері Тілек Әбдірахымов.

Бетімен кеткендерді келесіде бортқа жолатқызбайтын «қара тізім» бар. Қазір онда 21 жолаушы тіркеліп тұр. Үсенов 22-болып толықтыруы мүмкін. Ал, қоғам белсенділері мұндай тентектерді тек Заңмен жазалауды ұсынды.

“Үсенов жолаушыларға қауіп төндірді. Ондайларды қоғамнан аластату қажет. Бұл жолы енді ол жауапкершілікке тартылуы тиіс. Тым болмаса, «бұзақылық» бабымен жазалау қажет”, – дейді адвокат Жохар Өтебеков.

Мақсат Үсеновтың әкесінің де жемқорлық дауымен аты шыққан. Қажымұрат Үсенов ЭКСПО-ның ақшасын қалтаға басып, 2 жылға сотталған болатын. Алайда, отқа салса жанбайтын отбасы онда да рақымшылыққа ілігіп, оңай құтылғанды.

Есте болса, желіде Үсеновтің ұшақтағы тәртіпсіздік әрекеттерінің видеосы пайда болды. Алғашқыда қазақстандық азаматты тұтқынға алған Таиланд полициясы кейіннен оны босатты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар