Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда көпбалалы отбасы қақаған қыста темір контейнерде өмір сүруге мәжбүр

6 ақпан күні Гребниковтардың үйі өртке оранды. Гараж бен жаңа үйдің шатыры өртеніп кетті. Нәтижесінде көпбалалы отбасы қақаған қыста темірден жасалған контейнерде түнеуге мәжбүр.

Бұл туралы “Мой ГОРОД” басылымына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Өрт алдымен гаражда басталып, артынан үйге дейін жеткен. Оқыс оқиға кезінде үйде тек балалар болған, ал олардың жалпы саны жетеу. Бұл уақытта Анна Гребникова күйеуін жұмыстан алып кету үшін үйден шығып кеткен көрінеді. Артынша ұлдарының бірі оған хабарласып, гараждың өртке оранғанын айтқан.

“Мен келгенде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатты. Балалардың бәрі үйден шығарылған. Гараж тұтастай, ал шатырымыздың бір бөлігі өртеніп кетті. Үйге жете салысымен ақша, құжаттарды іздедім. Қолыма іліккенін алып шықтым. Құдайға шүкір, өрт сөндірушілер газ балонын суытып үлгергендіктен жарылған жоқ”, – деп еске алады әйел.

Өрттен кейін отбасы бірнеше күн көршілерінің үйін паналаған. Ал бүгін Гребниковтар жылытылған контейнерге көшіп келді. Отбасы үйді тұрғызып біткенше 6 жыл бойы дәл осы темір “баспанада” тұрғандарын айтады.

Өрттен кейін бүлінбеген заттың барлығы ішке кіргізілді. Отбасы қайырымды адамдар әкеліп берген азық-түлікті сол жерге жинап, қоймаға айналдырып алды.

“Үй салу үшін 2010 жылы жер сатып алдық. Бірақ құрылысты тек 2012 жылы бастадық. Әр шегесіне дейін жинауға уақыт кетті, тапқан-таянғанымызды соған жұмсадық. Енді бәрін басынан бастау керек. Қазір күйеуім жалғыз өзі жұмыс істейді. Механиктің жалақысы бар-жоғы 50 мың теңге. Көпбалалы ана ретінде алатын жәрдемақым 15 мың теңге. Мейірімді жандар қандай көмек көрсетсе де, қабылдап жатырмын. Себебі үйдің шатырын қайта қалыпқа келтіруіміз керек”, – дейді Анна Гребникова.

Отбасында 5 ұл, 2 қыз бар. Балалардың үлкені – 22-де, ал кішісі небәрі 1 жаста. Балалардың киімі мен аяқ киімдері бүлінген. Зардап шеккен отбасы кез келген көмекке қуанатындарын айтады.

Көмек көрсетем деушілер Гребниковтарды Каиршахтинск ауылдық округі, Садовод №1, 165 учаскесінен таба алады. Анна Гребникованың телефон нөмірі 87073365527.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да кәсіпкердің 10 жасар қызы көлік айдап, жол бермегендерді балағаттаған (видео)

Астанада қыз-келіншектерге еркектің көңілін аулауды үйрететін тағы бір мектеп ашылды

Алматы тұрғыны 58 мың доллар тауып алып, иесіне қайтарды

 

Талқылау