Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да кәсіпкердің 10 жасар қызы көлік айдап, жол бермегендерді балағаттаған (видео)

ШҚО-да 10 жасар қыз автокөлік рөліне отырып, ауыл-аймақты аралаған. Заңсыз көлік рөліне отырған жасөспірім өзге жүргізушілерге бейәдеп сөздер айтып, тұрғындардың мазасын алған көрінеді. Заңбұзушы жергілікті кәсіпкердің қызы болып шықты.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Оқиға ШҚО-ның Жезкент елді-мекенінде орын алған. Ашуға мінген жезкенттіктердің қоғам назарын аудару үшін қыздың видеосын желіге жүктеген. Ауылдастарының айтуынша, мектеп оқушысы ұдайы ата-анасының көлігіне отырып, елді-мекендерді аралайтын көрінеді.

Көп ұзамай құқық қорғау органдары аталған жайтқа қатысты жауап берді.

“Аталған факті бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді. Полицейлер баланың ата-анасымен сөйлесті. Сондай-ақ, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – дейді ШҚО ІІД өкілі Бақытжан Торғаев.

Енді қыздың ата-анасы 50 АЕК (120250 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Талқылау