Атырауда кимешек киген қызды мектепке кіргізбей қойды
Атырау облысының тұрғыны өзінің қызын кимешек (әйелдердің ұлттық бас киімі) кигені үшін мектепке кіргізбей қойғаны үшін, мектеп әкімшілігін сотқа берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Steve Helber
Ер адам мектеп әкімшілігінің әрекетін заңсыз деп танытуды талап еткен. Шағымда ол қызының діни отбасында тәрбиеленетінін, кішкентайынан кимешек киетінін айтқан. Сотта мектеп әкімшілігі оқу жылының басында міндетті мектеп формасын сақтау туралы ескертіп, қыздың кимешекпен сабаққа келмеуі туралы қарсылық жазбасын қалдырған.
Қазақстанның білім және ғылым министрілігінің бұйрығымен оқушылардың мектеп формасы діни элементтерсіз, барлық конфессия өкілдері үшін ортақ екендігі бекітілген. Сол себепті сот ата-аналардың министрлік бекіткен талапты орындау керектігін айтқан. Сондықтан оның шағымы қанағаттандырылмаған.
Оқи отырыңыз:
32 жастағы келіншек күйеуі мен оның досын төсек үстінде ұстап алды
Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты
Шығысқазақстандық жігіт ЭКСПО-ға қатысу үшін Астанаға жаяу аттанды
ЭКСПО қарсаңында шенеуніктер лас жерлер мен ескі үйлерді плакаттармен жауып тастаған