ЭКСПО қарсаңында шенеуніктер лас жерлер мен ескі үйлерді плакаттармен жауып тастаған

Жарнамасы жер жарған ЭКСПО-ға бар-жоғы екі ақ апта қалғанда, шенеуніктер шетелдік қонақтардың алдында ұятқа қалмас үшін жанталасып жатыр. Қонақжай шенділер Елорданың әдемілігін туристерге паш ету үшін, Астананы қоқыстан тазартып, лас көшелерді қолмен жуып, ал қираудың алдында тұрған ескі үйлерді биік қоршаумен жауып тастаған.

8585

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

ЭКСПО өтетін сол жағалауда жұмыс қарбалас. Жұмысшылар жол жиегіне ағаштар отырғызып, жаңа тас тақталар төсеп, шұрық тесік жолдарды жамап, жанталасып жатыр. Шенділер шетелдік туристер аралайды-ау деген жерлердің бәрін сәндеп қойыпты. Орталықтарға мынадай әдемі орындықтар орнатқан. Кейбіріне жапсырылған көшедегі телефон қуаттағыштарды елорда жұртшылығы қолдана бастапты…

Президент Астана әкімі Әсет Исекешевтің көзіне шұқып тұрып көрсеткен жерлер де қоқыстан тазартылып, лас көшелерді жұмысшылар қолмен жуып ағартуда. Зәулім ғимараттардың сыртын бояп, жыртық жерлерін тіпті ЭКСПО-ның белгісі бар плакаттармен жауып тастаған. Ал, шенділердің аяғы жетпеген “Хан шатырдың” артындағы ескі үйлердегі жұрттың дүбірлі дода ЭСКПО-да шаруасы жоқ сияқты…

5252

Қираған үй, шашылған қоқыс, шұрқ тесік жолды шетелдіктердің көрмесі анық. Өйткені, шенділер мұның бәрін мынадай қоршаулармен жауып тастаған. Туристер тек Астананың мынадай әдемі келбетін ғана тамашалайды.

Яғни, сырты бүтін бұл үйлердің қарапайым тұрғындары біздің еш кінәміз жоқ деп ақталады. Тек, құлаудың алдындағы баспананы паналағандар елорданың шынайы келбетін шетелдіктер көрмесе деп тілейді..

Атқамінерлер елорданы қаңғыбастар мен жезөкшелерден де тазартып, құрылыс жүріп жатқан аймақтардың бәрін қоршап тастапты. Қонақжай шенеуніктердің бұл әзірліктері белгілі артист Тұрсынбектің әзілін еске түсіреді…

Оқи отырыңыз:

Рамазанда уақытты тиімді пайдаланудың әдістері

Қостанайда туған әкесі екі жыл бойы өз қызын зорлаған

Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтып қарызынан құтылған мұсылманның оқиғасы

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар