Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда кафеде отырған екі полицей есепшотты төлемей, иесін ұрып-соғып кеткен

Атырауда полицей кафе иесін ұрып-соққаны үшін жұмысынан кетті, деп хабарлайды Мой город.

Оқиға Құрманғазы ауылында болды. Азаматтық киімде жүрген екі полиция майоры төбелес шығарған. Кафе иесі келушілерден есепшотты төлеуін сұрайды. Оған полицейлер дөрекі жауап береді. Ақырында кафе иесін ұрып тастайды. Кафе жиһаздары сынады. Есепшот сол күйі төленбей қалады. Төбелес ұйымдастырушылар да жазасыз қалады.

Облыстық ІІД мәліметінше, оқиға қатысты өылмыстық іс қозғалған. Іс аудандық сотқа жіберілді.

Бұл факті бойынша ресми тергеу жүргізіліп, айыпталушылар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ішкі істер органдарынан босатылды, деп хабарлады Атырау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау