Атырауда күзетші жұмыс берушіден 1,5 млн теңге моральдық өтемақы өндіріп алды

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 11:10

Атырау қалалық соты күзетшінің пайдасына ЖШС-дан 1,5 млн теңге моральдық өтемақы өндірді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

2azamat

«Атырау қалалық сотына азамат М.Мадалиев «Karat-Security»  ЖШС-нан 3 000 000 теңге көлемінде моральдық залал өтемақысын өндіру туралы арызбен жүгінді», делінген хабарламада.

М.Мадалиев «Karat-Security» ЖШС-нда күзетші болып істеген. 2014 жылы желтоқсанда күзет бөлмесі ретінде жасақталған теміржол контейнеріндегі пештегі заттар тұтанып, өрт шығады. Оның денесін әр түрлі дәрежедегі күйік шалып, үшінші топтағы мүгедек болып қалған.

Сот отырысы барысында мекеме басшылығының қауіпсіздік ережелерін бұзғандығы анықталды. Әрі, оқиға болғалы бері бір жыл уақыт өтсе де, жұмысшы әлі күнге дейін материалдық өтемақы алмаған.

Атырау қалалық соты ҚР Азаматтық кодексінің  952-бабының 2-тармағына сәйкес моральдық залалдың мөлшерiн анықтау барысында жәбiрленушiге келтiрiлген адамгершiлiк залалдың ауырлығын субъективтi тұрғыдан, сондай-ақ жәбiрленушiнiң жан азабы мен тән азабының дәрежесiн дәлелдейтiн объективтi деректерін қатар ескерді.

Сот «Karat-Security» ЖШС-нан талапкердің пайдасына 1 500 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы шешім қабылдады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар