Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда екі жігіт өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды

Атырау қаласының екі тұрғыны  қызды көпірден Орал өзеніне секіріп кеткен 13 жастағы қызды құтқарды.

20 жастағы жігіт Ибраим мен Ринат Нұрғалиев 8 қараша күні өзенге балық аулауға барған, деп хабарлайды Ақ Жайық.

Олар суға секірмек болған қызды байқап қалады. Оған ұмтылмақ болғанда қыз көпірден өзенге секіріп кетеді. Жалғас бірден жасөспірім қыздан кейін секіріп, оны өзеннен алып шығуға талпынады.

«Қуанышқа орай қыз тасқа құламапты», – дейді жігіт сол күні болған оқиғаны есіне ала..

Жалғас қызды алып жағаға жақындап қалғанда өз аяғы суықтан тартыла бастағанын сезеді. Оған досы Ринат Нұрғалиев көмектесіп, екеуі қызды жағаға жеткізеді.
Оқиғаның куәгерлері төтенше жағдайлар бойынша қызметтерге дереу хабарласып, көмекке шақырады.

Қазіргі уақытта жасөспірім қыздың әрекетін полициямен тексеріп жатыр. Қызбен психологтар жұмыс істеді.

12 қарашада Жалғас Ибраим мен Ринат Нұрғалиев Атырау облыстық полиция бөлімінде адам өмірін сақтап, батылдық танытқаныүшін алғыс хатпен марапатталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау