Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әйелін балағаттаған азамат үш күнге қамауға алынды

Сот шешімі бойынша, Атырауда әйелін балағаттаған азамат үш күнге қамауға алынды.

Бұл туралы  Stan.kz  хабарлайды.

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Құлсары қаласының тұрғынына қарсы әкімшілік істі қарады. Аудандық соттың  хабарлауынша, ер адам мас күйінде үйіне келіп, отбасының тыныштығын бұзған. Оған қоса, жұбайын балағаттаған.

Күйеуінен қорлық сөз естіген әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Сотта тәртіп бұзушы кінәсін мойындап, істеген істеріне өкінген. Алайда, жәбірленуші сотқа күйеуін қатаң жазалауды сұрады.

«Соттың шешімі бойынша ер адам ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Оны үш күнге қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындалды », – деп хабарлайды сот.

Жіберіп алмаңыз:

Екі адамды құтқарған Өскемен тұрғыны елге жария болмау үшін есімін жасырып қалды  

Павлодар облысында студент желіде тікелей эфирге шыққан қыз үшін көз жұмды 

Мәскеуде метро пойызы сөмкесін алу үшін еңкейген жолаушының басын жұлып әкетті 

Оралда автобус кондукторы әкесінің көз алдында жол апатынан ажал құшты 

 

 

Талқылау