Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 8 жасар қыз ата-анасының көз алдында суға батып кетті

Атырауда өзен жағасында ойнап жүрген сегіз жасар қыз ата-анасының көз алдында суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі, ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Атырауда 8 жасар қыз ата-анасының көз алдында суға батып кетті

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға қаладағы Балықшы ауылында орын алған.

Сегіз жасар қыз Орал өзенінің жағасына түнде ата-анасымен бірге келген. Жарлы жағада ойнап жүрген қыз кенеттен жартастан суға құлап кетті. Ойын үстінде суға құлаған баланы құтқару әрекеті өкінішке орай сәтсіз болды. Оқиға орнына келген құтқарушылар біраз уақыттан кейін қыздың өлі денесін тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау