Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 18 жастағы қыз түрік азаматын алдап, тонап кеткен

6 желтоқсанда Атырауда жас қыз бен екі жігіт шетелдік азаматты алдап, ақшасын алып, қашып кеткен. Күдіктілер ұсталып, тергеу жұмыстары басталды деп хабарлады АқЖайық газеті.

Фото: megapoisk.com

Қыз Түркия азаматын Привокзальныйдағы үйлердің біріне алдап алып келіп, кіреберісте күтіп тұрған екі сыбайласына кездестіреді. Олар шетелдікке тап беріп, санына пышақ салып, әмиянын алып, қашып кеткен.

Болған оқиға бейне бақылау камерасына түсіп, ІІД ШБО кезекшілері оқиға орнына полиция жасағын жібереді. Сыбайластардың үшеуі де “ізі суымай” ұсталды.

ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша,  ұсталғандар – 1994 жылы туған, бұрын сотталған екі жігіт пен 1999 жылы туған қыз – уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кдексінің 192-бабы (“Қарақшылық”) бойынша тергеу басталды.

Тағы оқыңыз: 

Айдана Меденова сән салонына жасалған шабуылдан кейін көшеге шығуға қорқып жүр

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

Асылхан “қайырымдылық жасап мақтанды” деп сынағандарға жауап берді

 

 

STAN.KZ
Жұма, 08 Желтоқсан, 2017 16:06
Талқылау
`