Атырау облысының бұрынғы әкіміне қандай айып тағылғаны жарияланды

Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеуінде. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық бюро таратқан хабарлама бойынша, күдікті деп танылған Атырау облысының экс-әкімі Рысқалиев 16.07. 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық кодекстің 176 (аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру), 177 (аса ірі көлемде алаяқтық), 192-1 (кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мемлекетке ірі залал келтірген мәміле жасасуы), 193 (қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру), 235-1 (бірнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру және оны басқару), 307 (қылмыстық қауымдастықтың мүддесі үшін қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 311 (аса ірі көлемде пара алу) және 325 (ресми құжаттарды қолдан жасау және дайындау) баптары бойынша айыпталып отыр.

Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басқа да күдіктілер А.С. Рысқали, Р.С.Әлбақасов, М.Ж.Желдібаев, Н.К.Жұлмағамбетов, Е.Ө. Ізбасар, А.Г. Даневич, А.С. Сүлейменов пен Б.Б. Теміралиннің қандай баптар бойынша айыпталып отырғанын хабарлады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 206-бабының 1-тармағына сәйкес, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін.

Айып тағылған күдікті Б.С.Рысқалиев пен басқа да тұлғалардың Қазақстан аумағында болмауына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 206-бабы 8-тармағын негізге ала отырып, БАҚ-қа күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы хабарлама жариялайды.

«Тоғыз күдікті де тергеу амалдарына қатысу үшін ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін Елордадағы ұлттық бюроның әкімшілік ғимаратына келуі керек», — делінген хабарламада.

Жіберіп алмаңыз:

Депутаттар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» сатуға қарсы шықты

Мәжіліс депутаты жекешелендіруге қатысты: Бұл не мазақ?

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген мәслихат депутаты атанды

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-де Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар