Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының әкімі полицияға неліктен қымбат катер сатып алып бергенін түсіндірді

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мүмкіндік болса, дәл осындай катердің тағы біреуін сатып алмақшы. Бұл туралы әкім Атырау облыстық мәслихатының сессиясында айтты.

akim

Бұл туралы Ақ Жайық газеті хабарлады.

«Неліктен біз катерді осыншама қымбатқа сатып алдық, бұл ақшаға Оралдағы кеме жасау зауытынан бірнеше катер сатып алуға болатын еді ғой деп жазыпты. Сандырақ деймін. Егер білмесе, онда сұрастырсын. Бұл катерлердің бағасы салыстырмалы. Бірдей деуге болады. Оралдық катерлер бізде шығарылған, біз ешқашан өзімізге қарсы болмаймыз… Бірақ бізге жүрдек катер керек, сондықтан осыны сатып алдық.

Білмейтіндерге айтарым, осы катермен тоқтаудан бас тартқан махачкалалық кемеге оқ атылды. Бір адам жараланды. Содан кейін Ресей СІМ Қазақстан СІМ-мен біраз уақыт анықтау жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы мен Атырауға келген кезде, махачкалалықтар біздің аумақтық теңіз суларында ғана болмай, тіпті Жайыққа да кірді. Есесіне, енді бізде мұндай қылмыстарды ашу деңгейі артты, шекарашылар мен осы катердің арқасында көршілеріміз біздің суға кірмейтін болды. Бізге мұндай бір катер аз болады, егер мүмкіндік болса, дәл осындай тағы екіншісін сатып аламыз. Ол бізге керек»,  – деп жауап берген облыс әкімі «Полиция бюджет қаржысын қалай жұмсауда?» деген сұраққа.

 

Талқылау