Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында полиция қызметкері екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Атырау облысында полиция қызметкері екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы Мақат ауданының Мақат ауылында орын алған. Жаяу жүргіншілерді аудандық АІІБ қызметкері өзінің қызметтік автокөлігінде қағып кеткен. 1968 және 1987 жылғы зардап шеккен ер адамдар аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда», – деп хабарлайды аудандық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінде хабарланғандай, аталған фактіге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда 14 жастағы оқушы өзінің құрдасын атып жіберді

Әйел бет тазарту процедурасынан кейін көз жұмды

Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

Талқылау