Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында құтқарушылар теңізде жоғалып кеткен балықшыны үш күннен кейін тапты (видео)

Атырау облысында балықшы өзін іздеп табамын дегенше үш күнін теңізде өткізген.

вмвм

Бұл туралы ATPress.kz хабарлайды.

Атырау облыстық ТЖД бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жетекшісі Қайрат Темірболатовтың айтуынша, 6 шілде күні Құлсары қаласының тұрғыны кешкі уақытта үйінен шығып кеткен. Туыстарының сөзінше, ол Каспий теңізі жағалауына қарай моторлы қайықпен балық аулауға кетіпті. 8 шілде күні оның туыстары төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, 1964 жылы туған ер адамның жоғалып кеткенін айтады.

Олар кешкі уақытта шағым түсіргендіктен, қараңғылыққа байланысты әуе транспорттарының теңіз жағалауын қарап шығатын мүмкіндігі болмаған. 9 шілде күні таңертең МИ-8 тікұшағы іздеуге шығады. Оның бортында Батыс өңірлік аэромобилді жедел-құтқару отрядының үш құтқарушысы болған.

Таңғы 7 шамасында Теңіз мұнай кеніші маңында балықшы өз қайығымен бірге табылған. Арнайы техникалық көмекпен ол тікұшаққа көтеріледі. Оның жағдайы тұрақты болып, ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Оқи отырыңыз:

Түркістан тұрғыны: Емші бала Ербосынға қаралған соң ағамның жағдайы нашарлап көз жұмды

Ерке Есмаханның әнін саппен жүріп айтқан сарбаздар жұртты ду күлдірді (видео)

Оңтүстік жұрты Мұхтар Шахановтың 75 жасын дүркіретіп атап өтті

Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды

Талқылау