Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында кәсіпкер Жаңа жылда өтпей қалған тамыры жоқ шыршаларды көшеге егіп қойған (Видео)

Құлсары қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бекім Жайсаңбаев сатылмай қалған 50-ге жуық шыршаны жаңа жылдық шыршаларды көшеге еккен. ол үшін әкіміктен арнайы рұқсат та алған екен. Ол бұған қала, аудан бюджетінен ешқандай қаржы бөлінбегенін айтады.

Бұл туралы  Ақ жайық басылымы хабарлайды.

Жақында әлеуметтік желілерге Құлсары қаласының көшесінде шыршаларды қондырып жатқан жұмысшылар түсіп қалған бейнежазба тараған болатын. Ал, Жаңа жыл болса, баяғыда өтіп кеткен.

Кейбір комменттерде аудан билігін сынап, таяу күндері Құлсары қаласына жаңадан салынған баспаналардың ашылуына облыс әкімі келеді, бұл соған байланысты жасалып жатқан көзбояушылық деп жазып жатқандар да болды.

«АЖ» бұл жергілікті бизнесмендердің бірінің идеясы екенін анықтады.

“Жаңа жыл қарсаңында Оралдан жолдас жігітім сатуға шыршалар беріп жіберген. Оның біразы кеш келгендіктен өтпей қалды. Шыршаларды қоқысқа лақтырғанша қалаға бір, екі ай болса да көрік беріп тұрсын деп, оларды көшеге қондыру үшін қала əкімдігінен рұқсат сұрадым. Олар қарсы болған жоқ. Сосын өз күшіммен 50-ге жуық шыршаны орталыққа қондырдым. Берік болуы үшін тұрба пайдаландым. Бұған қала, аудан бюджетінен ешқандай қаржы бөлінген жоқ”, – дейді Құлсары қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бекім Жайсаңбаев.

Талқылау