Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз Қызылордадан табылды

5 мамырда Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткен Қызылордадан табылды. Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр күні әжетханаға шығып кеткен 18 жастағы Құрманғазы кентінің тұрғыны үйіне қайта оралмаған болатын.

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз Қызылордадан табылды

Бұл туралы Мой Город-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жоғалған қыздың туыстары көмек сұрап полицияға жүгінген. Олар бойжеткеннің суретін әлеуметтік желілерде жариялап, қызды іздеу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасаған.

«Алина жоғалған кезде бізбен бірге болғандарға және біздің қайғымызға бей-жай қарамаған адамдарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді. Алинаны Құрманғазы ауданының полиция қызметкерлері аман-есен тапты. Бұл біз үшін жақсы жаңалық. Қолдауларыңыз бен мейірімді сөздеріңіз үшін сіздерге көп рахмет», – дейді Алинаның әпкесі Мира Құрманалиева.

Бойжеткеннің туыстарының айтуынша, 18 жастағы қыз Қызылордаға жігітімен кеткен екен. Полиция қызметкерлері оны ұялы телефонның сигналы арқылы тауып алған.

Тағы да оқыңыз:

Толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын әбігерге салды (видео)

Қарағандылық домырашы қыз Прагада өткен «Таланттарға сәлем» жобасының жеңімпазы атанды

Павлодарлық оқушы Сербияда өткен математикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

«Алыстағы қытайлық досыма»: 60 жыл бұрын Назарбаевпен хат арқылы дос болған қытай азаматының отбасы табылды (видео)

 

Талқылау