Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда жүйке дертіне шалдыққан мүгедек сатушыны балталап өлтірген

Осы жылдың 26 қазанында Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы 1971 жылы туған М.-ге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасына санкция берді.

topor

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Ол Атырау қаласының Махамбет Өтемісұлы көшесі бойындағы «Аманжан» дүкенінің сатушысы Өзбекстан Республикасының азаматшасын дүкен ішінде балта мен пышақ қолдану арқылы өлтірді деп күтіктенуде.  Бұл туралы Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

Күдікті 2 топ мүгедегі екені анықталған, сондай-ақ тергеушінің айтуынша күдікті психикалық ауруға шалдыққан, бұны анықтау үшін психо-неврология орталығына мәлімет сұрату хаты жолданған.

Сот психикалық дертке шалдыққан азаматтарға бұлтарпау шарасы қолданылмайтынын ескере отырып, оның ауруы жөнінде нақты мәлімет белгі болғанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын қысқа мерзімге белгіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде сатушы тоқаштарды лақтырып қаруланып келген ұрыны қуған

Алматыда банк маңында белгісіз біреу ер адамды қарумен қорқытып сөмкесін тонамақ болған

Семейде жүкті әйел мен құрсақтағы сәбиді көліктегі фельдшер жігіт аман алып қалды

Тимати: Менің мейрамханам көп ұзамай халал болады

Талқылау