Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында ашуға булыққан наиб имам бас имамның кеудесінен ұрып құлатты

Атырау облысы, Исатай ауданында “Зинедин ата” мешітінің бас имамы мен наиб имамы бір-бірімен төбелесіп қала жаздаған.

14320436184o4ub

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Іс материалдары бойынша, Исатай ауданындағы “Зинеден ата” мешітіндегі кешкі намаздан соң дін ұстанушылар алдында наиб имам бас имамның жұмысына наразылығын айтып салады. Бас имам сөзбен айтысу сәтін түгелдей ұялы телефон камерасына түсіріп алған. Бұған ызасы келген наиб имам бас имамның телефонын тартып алуға ұмтылып, ашу үстінде оны кеудесінен бір-ақ ұрады.

Мешітке келушілер екі дін қызметшісін ажыратуға мәжбүр болыпты.

“Сот отырысында наиб имам өз кінәсін мойындап, бас имамнан кешірім сұрады. Сот үкімімен құқық бұзушы айыпты деп танылып, оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды”, — деп хабарлады баспасөз қызметі. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда танымал репититорды тура өз үйінде бауыздап өлтірген

Ақмола облысында екі айлық cәби анаcын еміп жатып тұншығып шетінеді

Қарағанды облысында браконьерлер инспекторлардың көлігін өртеп жіберді (видео)

Көкшетауда әйелді бауыздап өлтіріп, тонап кеткен осы отбасының танысы болып шықты

Талқылау