Атырау-Ақтөбе тас жолы араб миллионерін шошытты

Жұма, 7 Қазан , 2016 12:06

Кувейттік байкер Қазақстанды өз көзімен көру үшін 7,5 мың шақырымды артқа тастаған. Ол қазақстандықтардың қонақжайлығына риза болғанымен, ойқы-шойұы жолдарға көңілі толмапты.

photo_196696

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

52 жастағы Абдул Мохсин әл-Бағли Универсиада мен ЭКСПО нысандарын көруге асығып келіпті.

“Мені Қазақстанның қарсы алған сәттегі қонақжайлығын ешқашан ұмытпаймын. Жолда көптеген көлік жүргізушілер тоқтап маған жол берді. Мұндай құрметті өзге елдерде кездестірген емеспін. Ал ең бір мені шошытқаны бұл Атырау мен Ақтөбе арасындағы жол болды”, – дейді байкер.

Қазақстанда ол белгілі қазақстандық байкер Дмитрий Петрухинмен кездескен. Оларға ортақ нәрсе көп: екеуі де патриот, екеуі де депутат. “Мен оны патриот деп атай аламын. Ол саяхат жасағаннан ләззат алады, әрі Универсиада-2017 мен ЭКСПО-2017-ні насихаттап жүр. Бұл оның Қазақстанға деген құрметін білдіреді,” – дейді Петрухин.

Араб саяхатшысы Универсиада мен ЭКСПО-ны қолдауға арналған тағы бір жобаға атсалысуға ниетті. Европа елдері бойынша болып өтетін ерекше экологиялық автошеру өз бастауын Қазақстаннан алмақ.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жоғалып кеткен бойжеткенді өз жігіті ұрлаған

 

56 жастағы Сары әулие өзін жас қыздардың қалай жақсы көретінін айтып мақтанды (фото)

Атырау облысында әйелі күйеуін туған қызына азғындық жасауы мүмкін деп күмәнданады

Шымкенттік ақсақал елді Құдайға сенбеуге шақырды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар