Алматыда жоғалып кеткен бойжеткенді өз жігіті ұрлаған

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 22:15

Алматыда 2 қазан күні жоғалып кеткен 19 жастағы Диана Советқан табылды.

20161004191247

Анықталғандай, оны 4 күн бойы танысы қамап қойып, қинап ұстаған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Қыздың ағасы Рашид Тұрсыновтың айтуынша, полиция Диананы GPS-навигаторы арқылы тапқан.

«Диананы Бағанашыл ауылынан таптық. Оны жігіті ұрлап кеткен. Телефонын қолына бермей қойған. Оларды аудандық ІІБ алып кетті. Диана ол жігітпен сайт арқылы танысып, бірнеше ай бойы хабарласып келгенін айтты», -деді Рашид.

Оның айтуынша, жігіттің Диананы не үшін ұрлағаны әлі белгісіз.

«Үйлену туралы араларында сөз болмаған. Полиция сұрақтың астына алғаннан кейін ғана, ол үйленгісі келгенін айтыпты. Ал 4 күн бойы қамап ұстағанда, ондай сөз болмаған. Дәстүр бойынша, қызды алып қашқаннан кейін, құдалар «аяққа жығылып» бір тәулік ішінде келеді. Бұл  оның қателігі», – деді Р.Тұрсынов.

Еске сала кетейік, Диана Советқанның жоғалғаны туралы туыстары 2 қазан күні хабарлаған болатын. Ол үйден жұмысына кетіп, оралмаған. Диана «Мамыр» шағынауданында бала күтуші болып жұмыс жасаған. Қызды іздеуге 20 ерікті тартылды.

Жіберіп алмаңыз: 

Саят Медеуов: Қызым біреуге тоқал боламын десе, қарсы емеспін

Оралда студент қыз ұялы телефоны жарылып ауруханаға түсті

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы ұлының адам өлтіргеніне сенбей отыр

Қазақтың салт-дәстүрін қаншалықты білетініңізді тексеріп көріңіз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар