Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Атлетико” Чемпиондар Лигасының финалына шықты (видео)

Мадридтік “Атлетико” клубы Чемпиондар лигасының алғашқы финалисті атанды. Жартылай финалдық жауапты кездесуде Диего Симеоне шәкірттері “Баварияны” жолда қалдырды.

bavarija-atletiko-2-1_1462308722694177859

Сурет Reuters

Мюнхенде өткен жауапты кездесу 2:1 есебімен “Баварияның” пайдасына шешілді. Бірақ, екі матчтың қорытындысы бойынша Мадридте 1:0 есебімен жеңе алған испандықтар финалға жолдама алып отыр.

31-ші минутта Хаби Алонсон алаң иелерін алға шығарған. Алайда 53-ші минутта “Атлетиконың” франциялық шабуылшысы Антуан Гризманн Торрестің пасын тиімді пайдаланып есепті теңестіріп кетті. 74-ші минутта Роберт Левандовски германиялық клубты қайта алға шығарған. Бірақ, бұл есеп “Баварияның” финалға шығуы үшін жеткіліксіз болды. Матч барысында “Бавария” сапынан Томас Мюллер, “Атлетико” сапынан Фернандо Торрес пенальти тебе алмады. Чемпиондар Лигасының финалы 28 мамыр күні Миланда өтеді.

Жартылай финалдың екінші кездесуінде ағылшындық “Манчестер Сити” мен мадридтік “Реал” ойнайды. Бірінші кездесу Манчестерде өтіп 0.0 есебімен аяқталған. Қарымта кездесу бүгін Астана уақытымен 00:30-да басталады.

Талқылау