Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда әже апельсин тіліміне тұншығып, клиникалық өлімге ұшыраған

73 жастағы Атырау тұрғыны апельсин тіліміне тұншығып, өліп қала жаздаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrau Online Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Атырауда әйел өлейін деп жатыр деген хабарламадан кейін жедел жәрдем бригадасы сол жерге келді.



"Егде жастағы әйел сөйлей алмай, тынысы тарылды. Геймлих маневрімен алғашқы көмек көрсету әрекеті кезінде әйел есін жоғалтып, 1,5 минут клиникалық өлімге ұшырады", – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Сәтті жасалған реанимациялық шаралардан кейін әйел есін жиып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Талқылау