Екі бала өзенге түскен аяқ киімге бола суға батып кетті

Сенбі, 20 Тамыз , 2016 10:52

Атбасарда Жабай өзеніне батқан жасөспірімдер бір-бірін құтқармақ болған.

0

Фото: alau.kz

Бұл туралы Ақмола облысы Атбасар ауданының төтенше жағдайлар бөлімшесі хабарлады.

Қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 11 шамасында орын алған. 2003 жылғы және 2005 жылғы екі ұл бала суға батып кеткен. Батқандардың екеуі туған ағайындылар.

Құтқарушылардың айтуынша, балалар бөгеттің үстінде ойнап жүрген кезде, біреуінің аяқ киімі суға түсіп кеткен. Сол аяқ киімін қуып жетемін деп артынан бір бала суға аққан. Батып бара жатқан достарын құтқарамыз деп екі балада суға түскен. Бірақ өзеннің ағысы қатты болып, тұншығып қалған.

Жаңада тұрған төртінші бала маңайдағыларды көмекке шақыруға жүгіріп кеткен. Оқиға орнына келгендер тек бір баланы судан шығарған. Қалған екі баланы Көкшетаудан келген сүңгуірлер су түбінен алып шығады.


Жіберіп алмаңыз:

Жеті дос селфи жасаймын деп суға батты

Суға батқан мұсылман әйел бөтен ер адамның көмегін қабылдамай қойды

Әкімнің орынбасары суға кеткен әйелді құтқарып қалды

30 жыл суға шомылудан қорыққан әйел алғаш рет душқа түсті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Медет says:

    Қайырын берсін, сәбилер ғо ата анасына шапағатшы болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар