Жеті дос селфи жасаймын деп суға батты

Сенбі, 25 Маусым , 2016 15:45

Үндістанда жеті студент араларындағы біреуінің Ганг өзеніндегі көпір үстінде әсерлі селфи жасамақ болған әрекеті салдарынан суға кетіп қалды.

utop

Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Оқиға Уттар-Прадеш штатындағы Капур қаласында болған.

Басылым ақпарына қарағанда, сегіз жас жігіттен құралған топ қатты жаңбыр жауып тұрған кезде өзеннің жағасына келген. Олардың бірі кенет фотоға түсу үшін бөгеттің үстіне көтеріледі.

Бірақ сол мезет аяғы тайып кетіп, буырқанып ағып жатқан өзен арнасына құлайды. Сол кезде оны құтқармақ болып алты жолдасы өзенге бірінің артынан бірі қойып кетеді. Алайда, ағыстың қаттылығынан олардың бірде-бір жағаға қайтып аман шықпайды.

Тірі қалған жалғыз жігіт құтқарушыларға телефон шалып, көмекке шақырған. Бірақ олар келген кезде студенттердің бәрі қаза тауып үлгерген екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар