Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-ана: Жылда жаңа өзгерістің кесірінен балалар әлі күнге кітап алған жоқ

Астана тұрғыны желідегі парақшасына 7-сынып оқитын қызының екі аптадан асық уақыт бойы оқулықсыз жүргенін айтты,-деп жазды Stan.kz.

оқу1

Көрнекі сурет.

Баян Асхатқызының айтуынша кітапсыз қалған оның қызы ғана емес, бүтін бір сынып оқушылары оқулықсыз білім алып жүр екен.

оқу

«Бүгін қыркүйектің 19-ы. Қызым оқулықсыз оқып жүр. Кітапсыз балаларды қалай оқытуға болады? Олар биыл жаңартылған программа бойынша оқитын болыпты, соның кесірінен әлі күнге кітап ала алмай жүр екен.

Сонда оқыту әдісін жаңартып, оқулық мәселесін ұмыт қалдырған ба? Кітаптағы қатені айтып тұрған жоқпын, сол кітаптың өзі жоқ. Мына сурет қызымның сынып жетекшісімен болған әңгімеден үзінді»,-дейді 7-сынып оқушысының анасы  Баян Асхатқызы.

Оның сөзінше мұндай мәселе Астана қаласындағы №72 мектепте болып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Әйелдің мінезін омырауының пішініне қарап таныңыз

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Алматыда суға жарымаған жұрт әкімнің орнынан кетуін талап етті

Талқылау