Астанада өз әйелін досымен бірге жабылып зорлады: Келіншек терезеден секіріп кеткен

Астанада зорлыққа түстім деп жылаған әйелдің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астананың 26 жастағы тұрғыны өткен жылдың жазында азаматтық некедегі күйеуі мен оның досынан зорлық көркенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, бұл қылмыс алдын ала жоспарланған.

“Мені жабылып зорлады. Өмірім үшін қорықтым да, үшінші қабаттан секіріп кеттім. Оқиға жалдамалы пәтерде болды. Олар оқиғаны видеоға түсіріп тұрды. Олар өлтіріп, көміп тастайтынын айтып, қорқытты. Сондықтан мен секіріп кеттім”, – деді 26 жастағы Саина.

Секіріп кеткен қыз түрлі жарақат алыпты. Осы оқиға бойынша тергеу басталып, қазір іс сотқа жетті.  Сотталушы ретінде күдіктілердің бірі келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-пункті бойынша айыпталып отыр.  Тергеу барысында, әйелдің айтуынша, азаматтық некедегі күйеуі қашып кетіпті. 15 қаңтарда тараптарды қатар тыңдау барысында сотталушыға мемлекеттік айыптаушы 13 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындауды сұрады.

Тағы да оқыңыз:

Жіпті тартқанда көлік жарылды: Алматы облысында бизнесменге қастандық қалай жасалды

Бетперде киген екі адам мектепте сегіз бала мен мұғалімді пышақтаған

Сәбидің денесі сыдырылған: Ресейлік азамат үш айлық қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар