Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтарды күл-талқаны шыққан көліктер легі шошытты (видео)

Астаналық полиция қызметкерлері ұйымдастырған акция жергілікті тұрғындарды шошытты. Көпшілік астанада бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған деп ойлаған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана ІІД хабарлауынша, жергіліті полиция қызметкерлері әкімшілік полиция басқармасынымен бірге «Жол қозғалысы қауіпсіздігі аптасы» республикалық акциясы аясында 19 қараша күні қала көшелерімен апатқа ұшыраған көліктер тиелген эвакуаторлар жүріп өтті.

Осылайша полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жолда кездесуі мүмкін қауіп-қатер, сыйластық пен жолдағы қауіпсіздік ережесін ескертіп, жүргізушілер мәдениетін арттырмақ болған. ІІД-де аталғандай, әр адам жол апатының алдын алып, ЖКҚ құрбандарына көмек көрсете алады.

Эвакуаторлар керуені қозғалысын «Жастар» сарайынан бастады. Мұнан кейін Республика, Тәуелсіздік, Мәңгілік ел, Достық, Қабанбай батыр даңғылдарымен, Тәшенов, Бауыржан Момышұлы,  Қонаев, Тұран, Сарыарқа, Бөгенбай көшелерімен, М3 көпіріпен жүріп өтті.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Қазақстандық ата-әженің не себепті үйлену тойын жасағаны белгілі болды (фото, видео)

Павлодарда басқарма басшысы пара алғаны үшін тұтқындалды

Қарағандыда жүргізушілер «көлік апатынан зардап шеккен» адамдарға көмек қолын созбаған (фото)

Талқылау