Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жігітті құтқарып қалған Франция азаматын марапаттады

Астаналық жігітті құтқарып қалған Франция азаматы марапатталды.

20170809201113

«Франция елшілігінде ІІД басшысы, полиция майоры Амантай Аубакиро Франция елшілігінің қауіпсіздік қызметі офицері Жорж Киефферді төс белгімен марапаттады. ІІД басшысы азаматтық ұстанымы мен адам өмірін құтқарудағы кәсіби біліктілігі үшін Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьенге алғыс хат берді», – деп хаьарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Франсис Етьен департаментке алғысын білдірді. Елордалық полицей Азамат Балтабаев та марапатталды.

Оқиға 5 тамыз күні таңғы 7:40 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойындағы “Қараөткел” көпірінің үстінде болған. Тәртіп сақшылары өз-өзін өлімге итермелеген жігітті бейнебақылау камерасы арқылы көріп қояды. Франция азаматы көпірден секіріп кетпек болған жігітті құтқарып қалуға талпынған полицейге көмектесті.

Тағы да оқыңыз:

Жыландар мен кесірткелер Алматыда жер сілкінетіндігінен алдын ала белгі берген

Үндістанда сот зорланған 10 жасар қыздың аборт жасауына тыйым салды

Алматыда жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар

Талқылау