Алматыда жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар

Сәрсенбі, 9 Тамыз , 2017 22:16

Алматыда 4 баллдық жер асты дүмпуінің қаупі әлі де бар. Мамандар бұдан ешқандай да қорқудың қажеті жоғын   айтып отыр.

жерсілкінді

Алматыда сейсмологтар алдағы 7-10 күн бойы  жер сілкінісінің «сары» режимінде жұмыс істейтін болады, деп жазды  Sputnik Казахстан басылымы cейсмология институтының  директоры Анвар Боранбаевқа сілтеме жасай отырып.

«Бұл табиғи құбылыс. Мұндай жағдайға ешкім кепіл бола алмайды. Біз қолымызда, мүмкіншілігімізде бар ақпаратқа сай әрекет етеміз. Алматылықтар үшін 3-4 балл үйреншікті жағдай. Мұндай жер асты дүмпуі үнемі болып тұратын жағдай. Сондықтан қорқатындай дәнеңе жоқ. 6-7 баллдық жер сілкінісі  болжамда жоқ»,-деді  Анвар Боранбаев.

Институт директоры «сары» режимнен  ешқандай да  қорқудың керегі жоғын айтты. Негізінде жер сілкінісіне қатысты қызыл, сары, жасыл деген сынды үш режим бар. Олар қауіпке қарай белгіленеді.

«Бұл режимдер мамандарға қатысты деп айта аламын. Себебі олар күтілетін жерсілкінісінің деңгейін қатаң бақылауда ұстап, үнемі зерттеуді дамытып отырулары керек. Қарапайым халық үшін бұл түс қауіпсіз дегенді білдіреді. Біздер жылдам зерттеп Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат беріп отыруымыз керек. Бір жағдай болып қалса мамандар жылдам әрекет етуі керек. Сондықтан да бұл біздің ішкі дайындық деп айтуға болады»,-дейді  Боранбаев.

Алматы және Алматы облысы тұрғындары  сәрсенбі күні таңғы 05:27 шамасында сезген. Жер асты дүмпуінің эпицентрі  Ұйғыр автономиясында болған. Ондағы жер сілкінісі 7 баллға жетіпті.

Оқи отырыңыз:

Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті

Мәскеуде қырғыз жігіт ұйқыдағы ресейлік әйелдің аяғын сүйіп жатқан жерінен ұсталды

Түркіменстан президенті министрлерге дене жаттығуларын қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар