Астаналық жігіт қызғаныштан туған бауырына және көшедегі бейтаныс адамға пышақ сұғып алды
Астанада ішімдікке сылқия тойып алған ер адам танысын өз бауырынан қызғанып, оған пышақ жарақатын келтірді. Қылмыс жасаушы туған бауырының аяғына суық қару сұғып алған.

Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
Ішімдікке тойып алған ер адам өз бауырына жарақат келтіргеннен кейін көшеге жүгіріп шығып, жол бойында келе жатқан бейтаныс адамды жаралады.
Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 7-тармағына сәйкес «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені» үшін қылмыс жасаушы кінәлі деп табылды. Сондай-ақ, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Жіберіп алмаңыз:
Шетелдік жігітке еріп Түркияға кеткен павлодарлық қыз елге қайта алмай жүр
Назарбаев даңғылынан екі тал кескен адам орнына жиырма ағаш отырғызады
Балалар үйінің түлегі әкіммен өткен кездесуден кейін жұмысқа орналасты
"Марғаулар азаппен өліп жатыр": Астанада 80-ге жуық адамға ауру мысық сатқан әйел қылмыстық іс қозғалса да әлі ісін жалғастырып келеді
Өлген мысықтардың саны ондаған мыңға жеткен
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді