Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жігіт қара суықта жалаңаш, үй-күйсіз қаңғып жүрген ер адамды бастан-аяқ киіндірді

Астана қаласының тұрғыны Айтым Жақыпов өзінің желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазбасын жариялады.

744747

Жас жігіттің Фейсбуктағы парақшасында жазуы бойынша,  түн жарымды үйіне қайтып келе жатып егде адамды кездестіреді. “53 жастағы Бабыр есімді кісі 20 жыл бойы көшеде түнеп келеді. Ол қақаған суықта аяқ киімсіз отырды. Мен оған ыстық шәй мен тамақ алып бердім. Сосын үйден жылы киімдер, аяқ киім, шұлық, күртеше және бас киім әкеліп бердім. Ол мен үйге кеткен соң қайтып келмейді деп ойлапты. Ал мен келіп, көліктен түскенде ол көзіне жас алды.

222222

Жазба авторы өзгелерді де атайға көмектесуге шақырады. “Біз мұндай шарасыз жандарға көмектесуіміз керек” деген ол, желі қолданушыларына #подарилюдямтепло хештегін ұсынады. Екі күннің ішінде жазба 15 мыңнан астам лайк жинап, 4 мыңға жуық пікір жазылған.

“Өте жақсы іс. Айтым саған Алла разы болсын!”, “Біріншіден, өзіңнің қайырымдылығың туралы жазғаның дұрыс. Осы жазбаны көріп қаншама адам үлгі алады. Екіншіден, ол адам неге далада қалған деп сын айтудың еш қажеті жоқ. Біреуге жасаған жақсылығың бәрібір өзіңе қайтады” деп пікір білдіреді. Басқа да қолданушылар оның игі әрекетіне алғыс білдіріп, ризашылық танытқан.

Оқи отырыңыз:

Ата-анасы 5 жасар қыздарының зорланғанын оның суреттерінен біліп қойған

Петропавлда еркек әйеліне тон сыйлау үшін дүкен тонаған

Ұялы телефон шотындағы ақша неліктен жоғалып кетеді?

Алматыда әйел өзінің 9 жасар қызын зорлаған педофилді жақтамақ болған

Талқылау