Астана тұрғыны жанжалдасқан адамның көзіне қайшы тығып, ағызып жіберді
Астана тұрғыны жанжал кезінде бір көзінен айырылды.

Астана қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Б. және Н.есімді тұрғындар дауласып қалған. Б. азамат Н.-ға былапыт сөздер айтып намысына тиеді. Екіншісі оны есікке қарай итеріп жібергенде, Б. қолына түскен маникюр қайшысымен оның көзіне тығып алады.Соның салдарынан Н. бір көзінен айырылды.
Алматы аудандық №2 сотының үкімімен Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру»), 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Тағы да оқыңыз:
Семей тұрғыны өз үйінің жертөлесінен екі мәйіт тауып алды
Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты
Павлодар облысында 4 және 5 жастағы екі бала өртте қалып мерт болды
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойлаймыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен