Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық тоғыз жасар бала “Пусть говорят” көрермендерін таң қалдырды

9 жасар Астана тұрғыны Данияр Құрманбаев Ресейдің “Пусть говорят” ток-шоуында көп мәнді сандарды есептеу арқылы көрерменді таң қалдырды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Данияр Құрманбаев 23 желтоқсан күні “Аффтор жжет” циклындағы бағдарламаға қатысқан болатын.  Бала студияға кірмес бұрын ток-шоудың студиядасындағылар оның қолымен қимылдар жасап, сандарды қосып-алып жатқан сәті бейнеленген роликті көрді.


Даниярдың айтуынша, ол Астананың менталды арифметика жүйесімен оқытатын мектептің 4 сыныбында оқиды екен. Ол абакус жаттығулары арқылы тез есептеп үйренген. Абакусты ойша елестете отырып, қолымен санау әдісін көрсетіп берді.

Бұған дейін Данияр Құрманбаевтың Бірінші арнадағы балалар бағдарламасының үздігі атанғаны жайлы хабарлаған боламыз.

Талқылау