Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық қайыршылар ЭКСПО кезінде көрген қорлықтары жайлы айтты (фото,видео)

Экспо бітті, қонақ кетті, қайыршылар қайта орала бастады бас қалаға. Есте болса, халықаралық көрме басталмай тұрып, елордадағы үйсіз күйсіз, қаңғыбас кезбе мен қайыршы атаулы аластатылған болатын,-деп жазды Еуразия арнасындағы Басты жаңалықтар қызметі.

қаңғы

Астананың магниті бар ау деймін шамасы. Олардың кейбірі қуылған күннің ертесінде-ақ келіп алған кездері болды. Сонымен берісі Көкшетау арысы Ташкент асқан қайыршы қазақтың қал ахуалы қандай?

Экспо біткелі бір жұмаға жуықтады. Көрме басталмас бұрын қаладан қуылған қайыршы қаңғыбастар расында едлордаға оралды ма? Осы мақсатпен бүгін  біз көшеге шығып, оларды іздейміз. Әрине өзімізде қайыршы болып киініп, дайындаламыз. Ол үшін бізді гример қыздар әрлеп, бояндырып жатыр. қорықпаңыз, бұл мен! Дайын болған сияқтымыз!  Қайыршыға ұқсап тұрмын ба?

а2

Кеңседен көшеге шығып, көлікке міндік. Бағытымыз  Елордадағы қаңғыбастар ордасы. Жүріп келеміз. Артем базары маңындағы мешіттің алдында отырған орта жастағы әйелді көз шалды. Қасына барып, әңгімеге тарттық.

– Отырайын дегенмін ғой

-біздің қасымызға ма?

– иә. мен отырғазбаймын ешкімді. Өзімізден басқаны, ана жаққа барыңыз. Каждый өзңінің орнында отыр.

– Сатып алдыңыз ба?

– Иә.

– Қанша?

– Ақшаңыз жетпейді, көп.

Қайыршыларды сөзге тарту біз ойлағандай оңай болмады.

– Қарағым мне западло рядом с тобой сидеть. Ана көзіңді көрсей.

а3

Маңайына жайшылықпен бейтаныс қаңғыбасты жуытпайды. Әрқайсының шегенделген шекарасы бар.

– Салтанат деген үлкені бар ғой. Иә, сонымен договормен отырдық. Салтанатты қайдан тапсам болады.? Ол таразға кетті. Бір жетіден кейін келеді. Ол 10 жыл отырған әйел. Крышасы осы жердің.

Майлы, жайлы орын үшін әркімнің-ақ бар таласы.

– осы жерге отыра берейінші?

– Жоқ отырма, тұр, тұр. Сол сол, отырма бұл жерге.

Орындарын қызғыштай қоритындай бір күндік кірісі қанша? Нұр Астана мешітінің алдына бардық…..Қайыр сұрайық деп….

а4

– сіздің қандай қағазыңыз бар?

– Мен саған көрсетпеймін.

– Көрсетіңіз маған.

– Кет бар. Кетші бар. Тиіспе маған. Отырмайсың ол жерге.

байлар жүреді сол жерде неге сіз өзіңіз сол жерде отырмайсыз?

Бар кет, көзіме көрінбей. Отырғызбаймын, отырма, отырма, ана жер бос бар.

Мені ұрып жіберердей боп тұрған тентектеу әйел, әрине нәпақасын екіге бөлгісі келмейтіні анық. Жасырын камераны байқап қойып, қашып кетті. Кейін мен емін-еркііііін….

садақадан түскен тиын тебенді бірге санайық. 500,1000,1500,1700 тиындары бар. 1800,1950,2005 теңге. Мен айналдырған 15 ақ минут отырдым. Он бес минут ішінде осынша ақша түскеніне өзім де таң қалып отырмын.

а6

Бұлар мәдениетті қайыршыларға жатады. Бет әлпеті түзу, үсті-басы таза. Бірақ ЭКСПО кезінде оларды да бейімдеу орталығына жеткізіп, ары қарай қала асырған.

– Мен вывозда болдым. Под ташкент попала. 2 недели добиралась. Так что байқа қызым. Біз битіп отырамыз, тығылып, тығылып, ана жақтан да келеді.

Алады да кетеді дегендері  тәртіп сақшылары. Экспо басталмас бұрын, 53 адамды автобусқа тиеп, Қарағандыда қалдырды дейді. Ал мына апа тасада жүріп, көрме біткенше көзге түспеген.

Орысқа ұқсағанымен, Қанат  қазақтың жігіті. Үйі де, күйі де жоқ. Жұмыс та істемейді. Жеті жыл болды, құлқынын тия алмай қу арақтың соңына түсті. Әйелі, қызы бар. Олар Көкшетауда тұрады.

– қызыңыз сізді іздемей ме?

– Іздейді.

– Не дейді сізге?

– Папа ақша жіберші дейді ғой. Одан басқа не дейді, – қала тұрғыны Қанат.

Әттең, камераның құдіреті мұндағы иісті сіздерге жеткізуге жетпейді. Сасық болғаны сонша, әрең шыдадық. Тамақты да, арақты да осында ішеді.

– мына жерге 5 джыгыт жатады. көңіл сыйса бәрі де сыяды ғой.

Шөптің арасында жайбарақат, қорылдап жатқан жерінен біреуін әңгімеге тарттық.

– аға, тұрсаңызшы, не істеп жатырсыз?

– и кетші, не снимай.

– Сұхбат беріңіз.

– Жоқ керек жоқ.

– сізді экспо кезінде апарып тастады дейді ғой,

–  бар экспоңмен кет, нах. Бүкіл ақшаны жеп қойды.

Ары қарай Экспо туралы айтуға Қанат та келіспеді. Қорқамыз дейді.  Әйтеуір кешке келеміз деп көндіріп, уәдесін алдық.

Астанада қазір тура түнгі сағат он бір. Біз баған бұл дерге келіп кеткенбіз. Қазір сол баяғы қайыршы киіммен,сол бояқпен қанат ағаның қалін білуге келдік, ол кісі түнде не жейді, қалай тамақтанады?қалай ұйықтайды деген мақсаттпен. Қанат аға қалайсыз?

Қараңғы түнде бірдеңені басып кетпейік деп, ақырын аяңдап келеміз. От жағып, екі жігіт отыр. ЭКСПО алдында барлығын – Қанатты Қарағандыға, қасындағысын Көкшетауға, ал Нұрдәулетті Шапағат базарынан алып кеткен.

“49 адамды, автобусқа тиеді, 62 адамды екінші автобусқа тиеді, оларды балқашқа сарышағанға апарып тастады”,-дейді қайыршылардың бірі.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы күйеуінің өзін не істеуге мәжбүрлейтінін айтты

Баян Мақсатқызы 3 айда қанша кітап сатып үлгергенін айтты

Сәкен Майғазиев тұңғышына келін іздеп жүр

Айдана Меденова неліктен өзі уәде еткендей сәнгер болмағанын түсіндірді

Талқылау