Астаналық бойжеткен шетелдік жігіттермен көңіл қосудың ерекшелігін айтты

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 15:02

26 жастағы астаналық бойжеткен Израилде біліктілігін арттырып жүріп 35 жастағы Алехандро есімді колумбиялық азаматпен көңіл жарастырған екен. Бойжеткен латынамерикалықтың қазақ жігіттерінен қандай айырмашылығы бар екенін айтып берді.

Бұл туралы “NewTimes.kz” басылымы жазды.

26 жастағы Ұлпан колумбиялық жігітпен Израилде жүріп танысқан. Аталған елге мемлекеттік бағдарламамен біліктілігін арттыру үшін барған. “Алғаш рет оны әуежайдағы трансфер кезінде көрген болатынмын. Кенет бір топ адамның ішінде тұрған жігіт маған қол бұлғады. Ол Алехандро еді. Мен жанына барып, екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Бастапқыда мені қатты ұялтып, тым көп сұрақ қойып жіберді. “Қалай ұшып келдің?”, “Шаршадың ба?”, “Ұйқың қанды ма?”, “Қарның ашты ма?” сынды сұрақтар қойды. Бізде әдетте бейтаныс адамдар бұлай сұрамайды ғой”, – дейді Ұлпан.

Алайда осы сұрақтардың арқасында астаналық бойжеткен оның қамқоршы жігіт екенін байқаған. “Топтағы адамдардың барлығы латынамерикалық әрі испан тілінде сөйлесетін еді. Бірақ, Алехандро олардан мені ұмытпай, арасында ағылшын тілінде сөйлесуді сұрады. Мен өзім – интровертпін. Ол мені осы қажетсіз ұяңдықтан арылтуға тырысатын. Бір кешкі отырыстардың біріне иығы ашық кеудеше киіп бардым. Қатты ыстық болса да, әлгі кеудешеммен жүруге ұялып, сырт киімімді шешпедім. Ол осыны байқап қойған екен. Кетер кезде “Бірнәрсе жасағың келсе, ешкімге қарама. Бұл әрекетің арқылы сен ешкімге жамандық жасап жатқан жоқсың. Қалай жүретінің – ол өз шаруаң. Бұл киім ұнағандықтан сатып алып отырсың. Олай болса оны ерекше мақтанышпен ки” деп айтты. Бізде керісінше “Ұят болады!” деп бірден тап береді емес пе? Өзің ұялып отырғанда, түрлі комплекстер тауып береді”, – дейді Ұлпан.

Бірінші күні Алехандро Ұлпанмен тереңірек тақырыптарда сөйлесіп, бірден жақын араласқысы келген екен. Алайда Ұлпан бұған рұқсат бермеген. Кейін оны сүйіп қалғанын түсінген.

“Төртінші күні оны ұнатып қалғанымды түсіндім. Оның әзілдей білетіндігі ұнайды. Маған оның жанында жүрген ыңғайлы. Уақыт өте келе ұяңдығым басылды. Бізде жігіттер ұсыныс білдірсе, қыздар қашқақтай бастайды. Ал қыздар бірінші болып қадам жасаса, жігіттер өзімшілдікке бой алдырады. Алехандромен мұндай жағдайлар болған емес. Мен өз сезімімді оған ашық білдіріп жүрдім. Оның іштей мен туралы “ессіз ғашық болған ақымақ” деп ойламайтынына көзім жететін еді. Бір күні Алехандроға хат қалдырдым. Ол хаттан кейін көзіне жас келіп, жылап алған екен. Ал қазақ жігіттері жыласа да жасырып қалатын еді. Мен барлық қазақ жігіті жаман деп айта алмаймын. Бірақ, мұндайлар сирек екені рас. 30-дан асқан біздің жігіттерден мұндайды күтпесек те болады. Біздің 30 жастағы жігіттер ағаға айналып, үйленіп, кеңседе жұмыс істеп, джип сатып алып, көп балалы болып, әйелдеріне опасыздық жасап үлгергілері келеді”, – дейді Ұлпан.

Бойжеткеннің айтуынша, латиноамерикалық жігіттер қазақ жігіттерімен салыстырғанда, әйелдердің тұлғалық қасиетін ашуға тырысады екен. “Ол барлық қыздарға құрмет көрсете біледі. Кештердің бірінде африкалық қыз ұлттық би биледі. Біздікілер мұны ұятқа балайтын еді. “Ол өзінен ләззат алып жатыр. Қандай тамаша” деп айтты. Арасында ол мен үшін ақша төлеп жүрді. Бірақ, негізінен барлығына өзім төлеп отырдым. Бізде жігіт ақша төлесе, сенен төсек қатынасын талап етеді деген ой қалыптасып қалған. Сол себепті, өзімді жайсыз сезініп жүрдім”, – дейді Ұлпан.

Мұнымен қатар, бойжеткен шетелдік жігітінің төсек қатынасында қандай екенін айтып берді. “Бұл жігітте белгілі бір нанымдар, қатып қалған қағидалар жоқ. Мысалы, біздің жігіттер әйелдерінің әуретті жерлерін сүюге намыстанады. Ал мұндайға Алехандроның көзқарасы басқа. Ол 35 жаста. Өзіне сенімді, ашық. Австралия, Жапония, Индонезия, Германия, Мысыр сынды мемлекеттерде болып үлгерген”, – дейді ол.

Бұдан өзге бойжеткен өзі қатты ғашық болғандықтан, шетелдік жігітті тым мақтап жіберген болуы мүмкін екенін жасырмады.


Жіберіп алмаңыз:

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы қыз сотталды

“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті

Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев
  • Anonymous says:

    Копке топырак шашпа…

  • Anonymous says:

    Бари жаксы, тастап кетуде сондай онай

  • Anonymous says:

    Өзге елдің ханшайымы болғанша өз еліңнің, жұртыңның келіні болғанды түсінбейді қазіргі қыздар. Ол ертеңгі өміріңде қандай қылық танытатыны кім білсін. Ақымақ бас аяқтың соры деп өкініп қалма қарындасым

  • Anonymous says:

    Жақсы болса жүре бер сол жақта!қазақ жігіттері əурет жерден сүйетін мақұлық емес

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар