Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық әжей Наурыз мерекесінде 100 жасқа толды

Астана тұрғыны Шекер Науанова Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өзінің 100 жылдығын атап өтті. Жүз жасаған кейуананың қазірде 4 баласы, 17 немересі, 49 шөбере мен 18 неменесі бар.

1ac1687a1f9b0c8cb3d11e288c46e5dd

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Ұзақ өмір сүріп келе жатқан әже 1916 жылы 22 наурызда Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туған. Оның анасы София 91 жасқа дейін өмір сүрсе, үлкен әпкесі 103 жыл жасаған.

Әр жыл сайын 21 наурыз күні туған-туыстары әжей отырған қара шаңыраққа жиналып, түнгі сағат 12-ні соққаннан бастап құттықтай бастайды екен.

“Ол өмірді сүйеді. Әрдайым көңілді жүргенді қалайды. Тіпті біз ол кісімен селфи жасаған кезде де, тез бейімделіп ыңғайлана қояды. Ол үнемі билеп, ән айтып тұрады”, – дейді немересі Айдын.

Талқылау