Биыл Тәуелсіз Қазақ елінің біраз атқарушы органының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Соның бірі – дербес елдің тыныштық сақшысы болған полицейлер қызметі.
Ширек ғасыр еліміздің ішкі тәртібін қадағалаған полицейлердің арқасында мемлекетіміз бейбіт күнде, тыныштық пен еркіндіктің қадірін біліп келеді. Осы тәртіп сақшыларының құрамында атты полицейлер де бар. Бүгін біз осы атты полицейлердің тыныс-тіршілігімен танысып қайттық, деп жазады BAQ.kz тілшісі.