Украина Қазақстанға наразылығын білдіріп қарсылық нотасын дайындап жатыр

Сейсенбі, 13 Маусым , 2017 14:12

Украина елшілігі Қырым бейнеленген Ресей картасына қатысты наразылық білдірген болатын.

925198_800

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Astana Art Fest фестивалінде Қырым қосылып бейнеленген Ресей картасына қатысты мәселені саясиландырмауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Біріншіден, бұл оқиғаны саясиландырудың қажеті жоқ. Бұл инсталяция бір шығармашылық ұжымның туындысы. Тиісінше, ешқандай саяси пиғыл болған жоқ. Суретшілер саяси жағына мән бермей, шығармашылық тұрғыдан келген сияқты. Олар өз кәнісін мойындап, Украина елшілігіне кешірім сұрап ресми хат жіберді”, — деді Тілеуберді БАҚ өкілдеріне.

Киевте бұл мәселе қызу талқыланып, Қазақстаннан қарастыруды талап етті.

Кейіннен Украинаның СІМ Павел Климкин Қазақстанның картаны қалпына келтіргені жайлы парақшасында жазды.

Айта кетейік, фестиваль аясында Астанада түрлі мемлекеттердің картасы мен нышаны бейнеленген мүсіндер орнатылған болатын. Осыдан кейін Украина елшілігі Facebook-тегі ресми парақшасында Украина мен Ресейдің картасына қатысты наразылығын білдірді.

“Астанада Нұржол желекжолында Astana Art Fest фестивалі аясында Украина картасы аумақтық тұтастық жағынан бұзылған. Ресей картасы Украинаның мемлекеттік егемендігінің бұзылуы белгілерімен бейнеленген. Украина тарапы ҚР Сыртқы істер министрлігінен түсініктеме мен әрекет күтеді”, — деп жазылған елшіліктің парақшасында.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың анасы 20 жыл бұрынғы хит әнін орындады

Еліміздегі ең жемқор министрліктер мен облыстар жарияланды

Әкемнің басына қап кигізіп қойды: Мұратхан Тоқмадидің қызы тұтқындау сәтін айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Украйналықтар дұрыс айтады. Біз қырымның ресейге қосылғанын мойндаған жоқпыз ғой.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар