Астанада жас жігіт төбелес шығарып, қарсыласын талдырып тастады (фото)
Астанада автовокзал маңында төбелес болып, жас жігіт қарсыласын аяусыз соққының астына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былғары күртеше киген жігіт қарсыласын сабап тастаған соң ол жерден қашып кетуге талпынған. Ол сес көрсетіп, полицейлерің қарсылығына да бағынбады.

Соққының астында қалып есінен айырылған жігіт біраз уақытқа дейін өзіне келе алмады. Сол маңда жүрген адамдар оған көмектесіп, су шашып есін жиғызбақ болды.
Төбелес шығарған жігіт полицейлерге қарсыласының досы екенін айтып ақталды. Ал, полицейлер куәгерлердің бәрін автобусқа мінгізіп бөлімшеге алып кетті.
Жіберіп алмаңыз:
Тимати мен Галустянның мақтауына қалай ілінуге болады: mc_doncha сырымен бөлісті
Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"