Астанада жүріп бара жатқан автобустан әйел адам құлап кетті

Сәрсенбі, 23 Тамыз , 2017 15:25

Астанада егде жастағы әйел адам қозғалып бара жатқан автобустан құлап түскен.

8989

Бұл туралы Лаура Түсіпбекова есімді желі қолданушысы өз парақшасында жазды. Айтуынша, автобус кенеттен қатты қозғалып қалған кезде әйел сыртқа қарай құлап кеткен.

“Қазір ғана Сары-Арқа сауда үйі аялдамасында тұрған автобус кенеттен қатты қозғалып, әйел адам құлап кетті. Аялдама 15 минут тұрады да, сосын келіп қатты асығады. Елордалық қоғамдық көліктерде қашан тәртіп орнайды?” – деп жазады ол.

Түсіпбекова жазбасының соңында Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаевадан мәселесі қалалық басшыларға жеткізуді өтініп сұрайды.

Пікір қалдырған желі қолданушылары болса мұндай оқиғалардың қалада жиі болатынын жазыпты.

“Астанаға алғаш келген кезімде автобустан 3 рет құлағанмын. Ал Қостанайда ештеңеден ұстамастан, тік тұрған күйі тұра бересің, құламайсың”, – деп жазады Бақыт Досжанова.

“Осындай оңбағандарға жолаушылардың өмірі мен қауіпсіздігін сеніп тапсырып отыр” деп жүргізушіні кінәлап жазады енді бірі.

“Осы қыста менің де анам және тағы бір әйел аялдамадан автобус енді жүре берген мезетте құлап қалды. Анамның содан қолы сынған. Ұзақ уақыт бойы емделіп, бірден қалпына келмей қиналып жүрді”, – деп жазады Жазира Букина.

Оқи отырыңыз:

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Сәтбаевта оқыс оқиға салдарынан жарақат алған шахтер көз жұмды

Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Ақсуда мас полицей бес бірдей көлікті соғып қиратып кетті (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар