Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада электровозды айдап әкетіп кабинасында қыз зорлағандар сотталды

Астанада электровозды рұқсатсыз айдап, артынан оның кабинасында қыз зорлаған жігіттерге сот үкім кесті. Ойларына келгенін істеген жігіттердің біреуі 5 жылға, екіншісі 6 жылға темір торға қамалды.

 

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бұған дейін, достарына өзгелердің кіруіне тыйым салынған электровоз тізгінін ұстата салған Астана депосының қызметкері де жұмыстан қуылған болатын. Отарбадан көз жазып қалған өзге жұмысшылар да қызметтен кетті. Былтыр қыркүйек айында есірген төрт жігіт тапа-тал түсте электровозды ұрлап кеткен. Тіпті олардың екеуі кабина ішінде қыз зорлауға дейін барған.

Талқылау